Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №31 бұйрығын іске асыру және мектеп жасындағы балалар арасында тіс-жақ ауруларының алдын алу жөніндегі «Болашаққа – сау тіспен» жол картасына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «Кемел Акишев атындағы №69 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында стоматологиялық кабинет ашылды.
Кабинет мектеп жасындағы балалар арасында алдын алу және емдеу шараларын жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Стоматологиялық кабинеттің негізгі міндеттері:
1. Кеңес беру және диагностикалық көмек көрсету, білім алушылардың профилактикалық тексерістерін өткізу.
2. Стоматологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау.
3. Алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
4. Тіс-жақ-бет ауытқулары мен олардың дамуына бейімділігі бар балаларды анықтап, стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бейінді мамандарына жолдау.
5. Амбулаториялық стоматологиялық көмек көрсету (тістің асқынбаған кариесін емдеу).