Жүкті әйелдердегі қан кету — бұл дереу гинеколог дәрігерге қаралуды талап ететін қауіпті симптом. Оның себептері қауіпсіз жағдайлардан (мысалы, имплантациялық қан кету) бастап, өмірге қауіп төндіретін жағдайларға дейін (түсік тастау, жатырдан тыс жүктілік, плацентаның толық немесе жартылай төмен орналасуы немесе оның ажырауы) әр түрлі болуы мүмкін. Бөліністердің қарқындылығы әрдайым жағдайдың ауырлығына сәйкес келе бермейді, сондықтан өз бетімен емделмей, себебін анықтау және емдеу тактикасын белгілеу үшін диагностикадан өту маңызды.
Бүгін әйелдер консультациясы бөлімшесінде аға дәрігер Назарова Н.С. мен аға акушер Исламқұлова Н.Е. 30 апталық жүктілік мерзіміндегі әйелге плацентаның қалыпты орналасқан жерінен мерзімінен бұрын ажырауы (ПОНРП) диагнозымен шұғыл көмек көрсетті.

