Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана » ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:
1) Емхана қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Емхананың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 12.09.2023 жылы сағат 16:00-де қатысуға шақырамыз. Астана қаласы Ильинка ТМ, Белкарагай көш. 1, 301-кабинетке (комплаенс қызметінің басшысы Тлеубаев Аскар Адилханович) жолдай аласыздар.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 8 776 270 4124 телефоны бойынша хабарласуға болады.