Құрметті Үркер, Қараөткел, Қаражар тұрғындары Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері және зейнеткерлер.
Сіздерді шын жүректен халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз !
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тәрбие тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларымыздың өсіп-өркендеуімізге қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз орасан зор.
Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңызға амандық , ұзақ ғұмыр тілейміз. Бүгінгі ұрпақ үшін, барлық жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Нұр-Сұлтан қаласының
№ 12 қалалық емхана
әкімшілігі