Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана»

ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына орналасуға конкурс

 

Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні  және орны:2022 жылғы 11 қарашасынан 14 қарашасын қоса алғанда, Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын). Кәсіпорынның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефондары және электрондық поштаның мекенжайы: Z10K1D9 (010000), Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Белкарағай көшесі, 1-үй, жұм. тел.: 8 (7172) 95-41-20, е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.    

 

             Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты сапалы, қауіпсіз, уақтылы және әлеуметтік бағдарланған медициналық көмек көрсету болып табылады.

             Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

             1)қауырт және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған келесі сипаттағы медициналық көмек көрсету:

– амбулаториялық-емханалық көмек (алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек);

– стационарлық көмек;

– стационарды алмастыратын көмек;

– шұғылдық бойынша 4 санаттағы жедел медициналық көмек;

             2) ауруды ерте анықтау мақсатында скрининг жүргізу;

             3) онкологиялық сақтану, туберкулезді, жыныстық жолмен жұғатын ауруларды анықтау бойынша емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

             4) Осы тексерілуге жататын адамдарды профилактикалық, алдын ала міндетті медициналық тексерілуін жүргізу болып табылады;

             5) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама, еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылу белгілері бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

             6) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылау;

             7) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;

             8) инфекциялық ауруларды анықтау, «ошақты бақылау»;

             9) зертханалық диагностика.

  Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

 Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

 Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

 Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

 Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

 Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі "Денсаулық сақтау" білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

         Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы;

      қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;  басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: құжаттар 2022 жылғы 26 қазаннан бастап 10 қарашасын қоса алғанда қабылданады.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

конкурсқа қатысу туралы өтініш, еркін түрде жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдануы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сотқа тартылуы жоқтығы туралы анықтамасы, фото 3х4 (2 дана).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.