Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде пациенттерге дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсету;
3) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылау;
4) ауруларды ерте анықтау мақсатында пациенттерді тексеру;
5) пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуға жіберуді және медициналық оңалтуға іріктеуді, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді қамтиды;
6) функциялары бұзылған, тыныс-тіршілігі мен еңбекке қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, ұзақ және кеш медициналық оңалту;
7) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен профилактикалық қарап-тексерудің барлық түрлерін (скринингтік, жұмысқа орналасу кезінде алдын ала, мерзімді, нысаналы және т. б.), сондай-ақ бастапқы медициналық-санитариялық көмектің медициналық көрсетілетін қызметтерінің көлемін көрсету;
8) бекітілген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
9) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс - шаралар жүргізу;
10) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын сараптау, еңбек ету қабілетінен тұрақты айрылу белгілері бар адамдарды Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдарына жіберу;
11) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық есепке алуды және есептілікті жүргізу, статистикалық деректерді, оның ішінде электрондық форматта талдау;
12) аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
13) отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау, оның ішінде отбасын жоспарлау;
14) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
15) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды іске асыру;
16) бекітілген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
17) онкологиялық сақтану, туберкулезді, жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау, анықталған науқастар туралы ақпаратты тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына уақтылы беру бойынша емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
18) хирургиялық стационарды, амбулаториялық-емханалық, диагностикалық, физиотерапиялық бөлімшелерді қамтитын, тәуекелі барынша төмен хирургиялық науқастарды емдеудің озық әдістерін қолданатын амбулаториялық хирургия орталығын дамыту;
19) туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің демеуші фазасында химиотерапия;
20) халыққа ақылы медициналық қызмет көрсету.
Міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлерін кәсіпорын тиісті лицензия алғаннан кейін жүзеге асырады.